Қазақстан бойынша теледидар мен радио қашан үзіліс алатындығы белгілі болды

Қазақстан бойынша теледидар мен радио қашан үзіліс алатындығы белгілі болды , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2026 16:33 Сурет: freepik
"Қазтелерадио" АҚ ұлттық спутниктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадио хабар тарату жабдықтарында, сондай-ақ деректерді беру желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 26 қаңтарда таратылған ескертуге сүйенсек:

"Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес 2026 жылғы 28 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейінгі аралықта жүргізіледі. Жұмыстарды жүргізу кезінде "OTAU TV" спутниктік теледидары, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадиохабар тарату, сондай-ақ деректерді беру және телефония қызметтерін көрсетуде уақытша үзілістер болуы мүмкін",- деп мәлімдеді ведомство.

"Қазтелерадио" АҚ туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтініп, түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдірді.

Бұған дейін 2026 жылғы қаңтар ҰБТ-сына қанша талапкер қатысып, қандай ережелер бұзылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: