ШҚО полицейлері синтетикалық есірткі ораушыны анықтады

Сурет: ҚР ІІМ
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері синтетикалық есірткі ораушыны анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өскеменде жедел уәкілдер интернет-дүкеннің 21 жастағы есірткі ораушысын ұстады.

Полиция қызметкерлері тінту барысында күдіктіден жалпы салмағы 500 грамм болатын ақ түсті ұнтақ тәрізді зат – мефедронды тәркіледі.

Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 60-тан астам фактіні анықтағанын айта кеткен жөн.

Оның 52-сі өткізу мақсатында. Заңсыз айналымнан 46 келіден астам есірткі түрлері тәркіленді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін