Алматы прокурорлары автомобиль жолдарын жөндеу кезінде бұзушылықтарды анықтады

Сурет: pixabay
Алматы қаласының прокуратурасы Бас прокуратурамен бірлесіп автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу кезіндегі мемлекеттік сатып алу және жол қозғалысы туралы заңнаманы сақтау бөлігінде Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының қызметіне тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша құрылыс және күрделі жөндеу кезінде пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге сметалық норманы және бағалауды негізсіз қолдану, сондай-ақ жеткізушілер асфальттың тығыздығына әсер еткен асфальтты толықтай салмағаны анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында Алматы қаласының Қалалық мобилділік басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) қадағалау актісі енгізілді, оны орындау үшін Басқарма, жеткізушілерден бюджет қаражатын өтеу жөнінде талап-арыз жұмыстарымен қамтамасыз етті.

06.04.2024 жылы Жоғарғы Соттың қаулысымен жеткізушілерден 754 млн.теңге өндірілді. Алматы қаласының прокуратурасы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді