Су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысына Қытайдан гуманитарлық көмек жетті

Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы 10 маусымда Қытайдың шығыс жағалауындағы ірі Ляньюньган портынан Атырауға гуманитарлық жүк келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 маусым күні Атырауға Қытайдың шығыс жағалауындағы ірі Ляньюньган портынан гуманитарлық көмек жетті.

"Қытай мен Қазақстан - ұзақ достық тарихы бар өркениетті мемлекеттер. Ляньюньган мен Атырау арасы алшақ болғанымен, бұл байланысқа кедергі бола алмайды. Белгілі бір себептермен біздің гуманитарлық көмек сәл кешігіп келді. Бірақ бұл екі ел халқының бір-біріне деген қамқорлығын тоқтата алмайды. Бүгін мен Ляньюньган портының атынан гуманитарлық көмекті Атырау қаласының әлеуметтік даму қорына аударамын" деді Орталық Азиядағы Ляньюньган порты өкілдігінің директоры Чжао Вэй.

Атырау облысындағы су тасқынынан зардап шекен аймақтарға Ляньюньган қаласынан күрке, төсек орын, қолғап, резеңке етік, күрек және су сорғыш құралдар жеткізілді.


Еске сала кетелік, бүгінде Ляньюньгандағы қытай-қазақ логистикалық базасы Қытай мен Орталық Азия арасындағы тауар айналымын арттыруда.

Бұған дейін 4 маусымда су деңгейінің шарықтау шегі өтіп кеткенімен, Жайық әлі де арнасынан асып жатқаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады