Астанадан Алматы мен Шымкентке жету енді оңайырақ болады

Сурет: rail-news.kz
"Жолаушылар тасымалы" АҚ оңтүстік бағытта қосымша пойыздарды іске қосады. Пойыздар №204/203 "Астана - Шымкент" және №202/201 "Астана - Алматы" бағыттары бойынша күнделікті 17 маусымнан 31 тамызға дейін жүреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қосымша пойыздарға билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және "Жолаушылар тасымалы" АҚ теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.

"Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді ертерек сатып алуды сұрайды. Билеттер болмаған жағдайда жолаушылар билеттерді сату сайтында немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ кассаларында "Күту парағы" тегін қызметін пайдалана алады. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірінен немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ ресми инстаграм аккаунтынан @jolaushylar_tasymaly білуге болады", - деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" АҚ.

Ұлттық тасымалдаушы қосымша пойыздарды іске қосу жазғы кезеңде жолаушылар санының артуына байланысты сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік беретінін хабарлады.

Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі