Астанада көліктерге жарты айға автобус жолақтарымен жүруге рұқсат етілді

Сурет: Алматы әкімдігі
Астанадағы төрт көшеде автобус жолақтары бойынша "Сергек" камерасы уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, қаланың магистральдық көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, жолдың жүру бөлігіне асфальт төселіп, жол белгілері қойылып жатқанға байланысты автокөліктердің қозғалысы уақытша шектеледі.

Осыған байланысты көлік жүктемесін төмендету мақсатында 14 маусым мен 1 шілде аралығында Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының барлық бойында, сондай-ақ Сарайшық және Сарыарқа көшелерінде "Сергек" камераларымен автобус жолақтары бойынша қозғалысты тіркеу уақытша тоқтатылды.

"Құрметті жүргізушілер! Астана қаласының полиция департаменті елорда жолдарындағы өзгерістерге түсіністікпен қарап, ескеруді сұрайды. Өз қауіпсіздігіңіз үшін жылдамдық режимін сақтауды және көшелердің жабық учаскелерін ескеріп, өз бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды