Астанада баспана алуға көмектесемін деп тұрғындарды сан соқтырған алаяқ ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтықпен айналысты деген күдікпен 32 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Белгілі болғандай, әйел ақшалай сыйақы үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуға тілек білдірушілерге көмектесуге уәде берген.

Белгілі болғандай, астаналық бикеш азаматтарға пәтер сатып алуға жәрдемдесетінін жеткізіп, сенімді байланыстары бар екенін айтып, жалған әңгімелерімен сенімге кірген.

Бүгінгі таңда полицияға алданып қалған 4 азамат жүгінген. Жәбірленушілердің бірі оның баспана алу құжаттарын тездетеміз деген сөзіне сеніп, оған 1 миллион 750 мың теңге төлеген.

Тағы бір жағдайда әйел дәл осылайша 3 миллион теңгеге жуық шығынға батқан. Пәтерлерді алу мәселесі күмән тұдырған соң, зардап шеккендер оны күтпестен полицияға хабарласқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елордада осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін