Астанада Сарыарқа даңғылының учаскесі жабылады

Сурет: unsplash
Астанада Сарыарқа даңғылындағы көлік қозғалысы жартылай жабылады. Осыған байланысты елордалық көлік жүргізушілеріне осы даңғылдың бойындағы әдеттегі бағытын өзгертуге тура келеді. Бұл туралы 2024 жылдың 20 маусымында қала әкімдігі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа даңғылының Тұлпар көпірінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, биыл 20-30 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша, екі бағытта да қамтамасыз етілетін болады.

Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек