Алматыда өкпесін сүйек тесіп кеткен жасөспірімге операция жасалды

Сурет: pixabay
Алматылық дәрігерлер қабырғасынан сүйек өсіп, өкпесін тесіп кеткен 17 жастағы жасөспірімді ажалдан аман алып қалды.

Бұл патология экзостоз деп аталады және сирек кездеседі дейді мамандар.

Науқас жөтел қысып, ауа жетпей, ентіккен. Дәрігерлер дереу бақылауға алып, өкпе мен кеуде қуысы арасындағы кеңістікке ауа жиналғанын анықтаған.

Сөйтіп, баланың кеуде қабырғасына кішкене тілік арқылы дренажды түтікше енгізіп, ауаны шығарған. Кейін қайта тексергенде, қабырғасынан сүйек өсіп, өкпені тесіп кеткенін анықтаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Күрделі операция екі сағатқа созылыпты.

"Экзостостың пайда болуы және соның әсерінен өкпе тесіліп, ішіне ауа жиналып, өкпені қысуы бірінші рет біздің практикамызда. Ота кезінде өсіп тұрған сүйекті алып, өкпедегі тесікті былайша айтқанда тігіп, жауып кеттік. Қазір баланың жағдайы бірқалыпты. Өзі дем алысы жақсы. Ешқандай шағымдары жоқ." Жалғас Күниязов, қалалық балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының дәрігері

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды