Алматы полициясы 20 заңсыз келімсекті Қазақстан аумағынан шығарды

Сурет: ҚР ІІМ
Алматының көші-қон қызметі жақында Алматыдағы тұрғын аудандардың бірінде жүргізілген рейд қорытындысы бойынша осындай мәліметтерді келтірді.

Мұнда бөлімшенің мәліметінше, өндіріс орындарының бірінде көрші мемлекеттің 41 азаматы анықталды.

Олар рұқсат беру құжаттарынсыз заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған. Олардың 20-сы соттың ұйғарымымен Қазақстан Республикасынан шығарылса, екеуіне әкімшілік айыппұл салынды, тағы 19 құқық бұзушы жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты қабылдап-тарату орнына орналастырылды.

"Сонымен қатар, қазіргі таңда шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан жұмыс берушілерге шара қолдану жұмыстары жүргізіліп жатыр", – дейді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі