1454 үй апатты деп танылған, ал 1138 азамат баспанасын қалпына келітру үшін өтемақыларын алып, құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Аудандық комиссияның қарауында әлі 60-тай өтініш бар.
"Сәуірдің 5 күні су кіріп, суға кеткен жағдайымыз бар. Содан су 10 күндей тұрды. Айналамызды жинақтап жатырмыз. Мемлекеттен көмек бар. Берді. Ризамыз деп айта аламын. Құрылыс бұйырса 1-2 айда бітеді." Жайлаубай Бірқұлақов, құлсары қаласының тұрғыны
100 үйдің құрылысы қарқынды, деп жазады qazaqstan.tv.
Мемлекет қолдауымен зардап шеккен тұрғындар үшін салынып жатқан бұл үйлердің әрқайсысы 3 бөлмеден. Жалпы көлемі – 100 шаршы метр. Атқарушы биліктің шешімімен биыл күзге дейін Құлсары қаласынан 100 жеке тұрғын үй салу жоспарланған болатын. Қазір 80 үйдің құрылысы қатарынан жүріп жатыр. Үйді 6 мердігер салып жатыр. Құрылыс материалдары мен қаражаттан кідіріс жоқ.
"Бұл алты компанияда 100-ге жуық жұмысшылар тартылды. 30-ға жуық техника бар. Негізі жұмыстар өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде. Жалпы құрылыстың аяқталу мерзімі қыркүйек айына жоспарланып отыр." Дархан Тілепберген, облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы