Қазақстанда 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап сұйытылған газ бағасы өсті

Сурет: Zakon.kz
Энергетика министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы бұйрықтарымен ҚР газ толтыру станциялары үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасына өзгерістер енгізілді, сондай-ақ сұйытылған газды көтерме саудада өткізудің ішкі нарықтағы шекті бағасы бекітілді.

2024 жылғы 1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газының тоннасына көтерме сауданың шекті бағасы 45 158 теңгені (бұрын – 40 320 теңге) құрайды.

2024 жылғы 1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасының өсуіне байланысты автомобиль газының құны:

No 232 және № 233 бұйрықтар 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Энергетика министрлігі сұйытылған газды өндірудің рентабельсіздігіне байланысты оның бағасын көтеруді жоспарлап отырғанын хабарлаған, сондай-ақ өсудің басқа да бірқатар себептерін атаған.

Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын тұтыну 2022 жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға немесе 28 пайызға артып, сала шығынға ұшырап жатқанын да жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты