ҰБТ: Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлері үшін қандай артықшылық бар

Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
Ұлттық тестілеу орталығы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) талапкерлері үшін маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Егер негізгі ҰБТ-дан төмен балл жинасаңыз, сіздің қаңтар немесе наурыз айларындағы ҰБТ-ның жоғары нәтижелерімен грант конкурсына қатысу мүмкіндігіңіз бар. Осылайша, қалауыңыз бойынша, сіз ең үздік ҰБТ нәтижесімен грант конкурсына қатыса аласыз. 2024 жылы жалпы грант санының 20%-ы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне бөлінеді", делінген орталық хабарламасында.

Естеріңізге сала кетсек, бұл аймақтың оқуға түсушілері үшін грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Айта кетсек, магистратураға түскісі келетін талапкерлер 8 шілдеге дейін өтініш өткізе алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Абай облысында жоғалған ер адамның денесі бес күннен кейін иен даладан табылды

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды