Жамбыл облысында ірі есірткі плантациясы жойылды

Сурет: ҚР ІІМ
Полиция қызметкерлері "Қарасора – 2024" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жамбыл ауданында есірткі өсімдігін заңсыз өсіру дерегін анықтады.

Қарасора, көкнәр сорттарын өсірді деген күдікпен 61 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оның үйіндегі бақшадан жалпы салмағы 1520 түп көкнәр өсімдігі, 37 каннабис бұтасы анықталды.

Барлығы 100 келіден асатын есірткі тәркіленді, оның ішінде көкнәр – 54 келі, марихуана – 53 келі.

"Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады, Жамбыл АПБ уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. "Қарасора – 2024" іс-шарасы аясында есірткіні заңсыз өсіруді, транзиттеуді, алқаптарын және есірткі зертханасын жоюды, ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған іс-шаралар одан әрі жалғасатын болады", – деді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды