Алматыда бірқатар көкөніс бағасы тұрақталады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде "Алматы" ӘКК "Magnum Cash&Carry" ЖШС-мен ӘМАТ-тың төрт позициясын сатып алуға қарыз шартын жасасты.

Олардың арасында картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат бар.

Көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыру 2024 жылғы 01 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 30 сәуірге дейін жүзеге асырылады.

Сатып алынатын ӘМАТ жалпы көлемі 10 мың тоннаға жетеді. Көкөніс өнімдері Алматы, Жамбыл, Павлодар және Түркістан облыстарының тауар өндірушілерінен сатып алынып, "Магнум" сауда желісі арқылы келісім бойынша төмендетілген бөлшек бағамен сатылатын болады.

Бұл ретте сатушының сауда үстемесі 10% дан аспайды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы