Пәтерді жеңілдікпен алып беруге уәде берген астаналық ұсталды

Сурет: freepik
Астанада полицейлер пәтер алып беруге уәде беріп, тұрғынды алдап кеткен күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға елорданың 61 жастағы тұрғыны жүгініп, пәтер алуға көмек көрсетуге уәде берген әйелге қатысты шара қабылдау туралы өтініш білдірген.

Алаяқ бағдарлама арқылы тұрғын үй-жайды сатып алуда көмек көрсетемін деген сылтаумен 4 млн теңге көлемінде ақша қаражатын иемденгені анықталды.

Байқоңыр ауданы ПБ полиция қызметкерлері 42 жастағы әйелді анықтады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Оның айтуынша қолма-қол ақшаны жылжымайтын мүлікті сатып алу қызметін көрсететін басқа адамға берген.

Aлаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды және бейтаныс адамдарға ақша бермеуді ескертті.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін