Абай облысында мал ұрлаған күдікті ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Абай ауданы полиция бөлімі кезекші бөлімшесіне жергілікті тұрғын жайылымнан сиырдың жоғалғаны туралы өтінішпен жүгінді.

Осы уақыт ішінде мал иесі өз бетінше іздеуге тырысқан, бірақ нәтиже болмаған.

Содан тұрғын полицейлерден көмек сұрауға шешім қабылдады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Абай ауданының полицейлері Семей қаласының 24 жастағы тұрғынының мал ұрлығына қатысы бар екенін анықтады.

Күдікті құны 300 мың теңге тұратын сиырды ұрлап кеткен.

Тәртіп сақшылары ұрланған малды тез арада заңды иесіне қайтарып берді.

Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды