Бопсалаумен айналысқан төрт петропавлдық сотталды

Петропавлда қорқытып алудың бірнеше фактісі және басқа қылмыстары үшін қаланың төрт жас тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Петропавлдың білім ошақтарындағы профилактикалық кездесулер барысында қорқытып алу, адамды қамап қою, ұрлық және денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру фактісін анықтап, жолын кесті.

Бұл қылмыстарды биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында бір топ жастар жасаған. Облыс орталығының 20 мен 23 аралығындағы төрт тұрғыны ҰҚҚКБ қызметкерлерінің назарына іліккен. Олардың үшеуі бұрын сотталған.

Жедел ақпаратқа сәйкес, бұл топ 18 жастағы колледждердің бірінің сьудентінен қорқытып ақша алған. Жас жігіт өз өміріндегі болып жатқанның барлығын әлеуметтік желілерге салып жүрген.

Нәтижесінде оның бұл әрекеті басқалардың көзіне түскен. Жәбірленушіні жалдамалы пәтерлерге заңсыз жолмен қамап қою арқылы ақша талап еткен, психологиялық қысым мен күш қолданылған. Жәбірленушіге мобильді қосымшалар арқылы қарыздар алғызып, несиелер рәсімдеуге мәжбүрлеген.

Сондай-ақ жігіт өзінің соңғы үлгідегі iPhone телефонын 50 мың теңгеге сатып жіберген. Алынған ақшаны бопсалаушыларға берген. Кезекті рет ақша алмақ болған жігіттер жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына келгенде, ол үйінде болмай шыққан.

Жастар жалдамалы пәтерге кіріп, 70 мың теңге ақша мен гаджеттерді қуаттауға арналған аккумуляторды ұрлап кеткен. Бұдан бөлек, олар мас күйде тағы басқа да қылмыстар жасады. Бұлар да сотта қаралды.


"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Солтүстік Қазақстан облысында жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2024 жылға арналған бағдарлама жоспарлап отыр", – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Оқу орындары мен мүдделі мемлекеттік органдар арасында өзара іс-қимыл тиімді іске асырылып келеді. Оқу орнында өткен осындай профилактикалық шаралардың бірінде жедел уәкілдерге бопсалауға ұшыраған 18 жастағы студент жүгінді.

Келтірілген жалпы шығын – 400 мың теңгеден астам. ҰҚҚКБ қызметкерлері қылмыскерлерді ұстау бойынша дереу шаралар қабылдады. СҚО Петропавл қалалық соты ұсталған төрт адамның үшеуін 8, 6, 4 жылға бас бостандығынан айырды, ал біреуі 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қорқытып алу фактілерін және басқа да ауыр қылмыстарды анықтау, жолын кесу бойынша күн сайынғы кешенді жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: