Ресейлік 19 миллион теңге алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Интернет арқылы алаяқтық жасады деген күдікті мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде ұсталды. Бұл туралы 2024 жылдың 31 шілдесінде Жамбыл облысының прокуратурасы хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылғы 18 шілдеде Тараз қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері қаланың 3 сенімді азаматтарын интернет байланысы арқылы алдаған Ресей Федерациясының "Р" есімді азаматын ұстады.
Жоғарыда аталған азамат а.ж. сәуір-мамыр айлары аралығында өз сыбайластарымен бірге азаматтардың сеніміне кіріп, әртүрлі нөмірлерден қоңырау шалып, "Екінші деңгейдегі банктердің қауіпсіздік қызметінің жұмыскерлері" және "құқық қорғау органдарының қызметкерлері" ретінде таныстырып, алаяқтар азаматтардың атынан несие алмақшы екенін айтқан.
Осы схеманы пайдалана отырып, алаяқтар "WhatsApp" әлеуметтік желісінің бейнебайланысы арқылы алаяқтық жолмен несие ресімдеп, жәбірленушілердің 19 миллион теңгесін иемденген.
Аталған факті бойынша 25.04.2024 жылы ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі сотқа дейінгі тереп-тексеру басталған.
Күдікті Мемлекеттік шекара бекетінен Қырғыз Республикасына қарай өту кезінде ұсталды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
"ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды." Жамбыл облысының прокуратурасы
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: