СҚО полициясы 32 млн теңгенің бидайын ұрлаған күдіктілерді анықтады

Сурет: ҚР ІІМ
Полицияға Тимирязев ауданындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің жетекшісі жүгінді. Аталған ЖШС аумағынан салмағы 200 тоннадан асатын ауыл шаруашылығы өнімдері ұрланған.

Анықталғандай, бидай 2024 жылғы мамыр айының соңында және маусым айының басында түнгі уақытта тіркемесі бар КамАЗ жүк көліктерімен шығарылған. Шығын 32 миллион теңгеге жуықтады.

СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері аудандық полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп, жүк көліктерінің жүргізушілері мен 1982, 1985 жылдары туған екі күдіктіні, сондай-ақ көршілес Қостанай облысындағы сатып алушыларды анықтады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық автокөлік тәркіленіп алынды. Күдіктілер мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Кәсіпкерлік объектілерінің иелерімен тұрақты профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Аумақты қоршауға, объектілерді бейнебақылаумен, сигнализациямен, күзетпен күшейтуге кеңес береміз. Аталған шаралар аумаққа заңсыз кірумен байланысты мүліктік қылмыстарды жасау қауіпін айтарлықтай төмендетеді", – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды