2 тамыздағы саудада доллар аздап арзандады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 2 тамызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 474,57 теңге (-0,16) болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,74 теңгеге дейін өсті (+0,14).

Ақша айырбастау орындарында доллар 474,1-475,9 теңгеге, еуро 512,5-516,5 теңгеге, ресей рублі 5,39-5,49 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 2 тамыздағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қазан айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,70%-ға өсіп, барреліне $80,08 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 0,80%-ға өсіп, барреліне 76,92 долларды құрады.

Бұған дейін Ұлттық банк доллар бағамын 474,71 теңге, еуроны 511,74 теңге, рубльді 5,54 теңге деп белгілеген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз