Алматы хайуанаттар бағы "адам тістері" бар алып пираньяны көрсетті

Сурет: pixabay
Алматы хайуанаттар бағының әкімшілігі 2024 жылдың 5 тамызында аквариумдардың ерекше тұрғыны – қарақұрық Паку туралы айтып берді. Балықтың бұл түрі прианья тұқымдасының ең үлкен мүшесі болып табылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандар бейнені зообақтың Instagram парақшасында бөлісті. Жазбада аталмыш балық туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріп өткен.

Шығу тегі: Паку Оңтүстік Американың өзендері мен көлдерінен, әсіресе Амазонкадан шыққан.

Тамақтану: Пакудың жақын туысы пираньядан айырмашылығы, Паку негізінен жемістер, жаңғақтар және балдырлар сияқты өсімдік тағамымен қоректенеді.

Сыртқы көрінісі: Қарақұрық Паку ұзындығы 90 см-ге дейін және салмағы 25 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Олар қара түсті және күшті жақтарымен ерекшеленеді.

Қызықты факт: Пакудың тістері адамның тістеріне ұқсайды. Бұл оларға жаңғақтар мен басқа да қатты заттарды жарып шығаруға көмектеседі.

Қолдан өмір сүру: Аквариумдарда Паку дұрыс күтім жасалған жағдайда 25 жылға дейін өмір сүре алады. 

2 тамызда Алматы хайуанаттар бағындағы жолбарыстардың жағдайы туралы айтқан болатынбыз. 

Армения
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Канело Кристиан Мбиллиді жеңіп, бокстан әлем чемпионы атағын қайтарып алды