Астанадағы бұршақтан екі адам зардап шекті

Сурет: pixabay
Астанада бармақ басындай бұршақ жауып, екі адам зардап шекті. Көліктер де бүлінген.

Кеше кешкі уақытта елордаға үйіріліп келген қара бұлттың арты бұршақ аралас жаңбырға ұласты. Табиғаттың тосын мінезі жұртты біраз әбігерге түсірді.

Тұрғындар жаңбыр мен бұршақ жауған сәттің бейнежазбаларын желіде жарыса жариялап жатыр. Көлемі үлкен бұршақ көліктердің терезесін сындырып, тіпті төбесін майыстырып жіберген. Қала көшелері көлкіген суға толып, ұзын-сонар кептеліс пайда болды, деп жазады qazaqstan.tv.

Медициналық көмекке жүгінген 52 жастағы әйел мен алты жасар баланың жағдайы қазір қалыпты. Ауруханаға түскендер жоқ.

Синоптиктер бүгін де еліміздің барлық өңірінде қолайсыз ауа райының сақталатынын айтып, ескерту жасады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Жасанды интеллектке сенген қытайлық фермер 10 гектар жердегі егінін жойып алды

Басып озамын деп басына қауіп төндірді: Ақтөбеде 11 жүргізуші жауапқа тартылды

Магистратура грантына кімдер таласа алады