Алматыда көшелерді орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Биыл Алматыда ұзындығы 250 км болатын 274 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осылайша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 92%-ға дейін жеткізу жоспарланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 магистральді көшеде жол төсемінің беріктігін арттыру үшін полимерасфальтбетон қолданылып жатыр. Жөнделетін аумақтар 36 сағатқа жабылады, бұл уақытта қоспа суып, тиісті талапқа сай қатуы керек.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен магистральді көшелердің жөндеу жұмыстары тамыз айының соңына дейін, ал аудандық маңызы бар көшелердің жөндеуі қазан айының соңына дейін аяқталады.

Асфальтты қырып, жаңасын төсеу жұмыстары түнгі уақытта жүргізілуде, бұл қала тұрғындары үшін қолайсыздықты азайту мақсатында жасалып жатыр.

Орташа жөндеу аясында жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында қосымша қауіпсіздік аралдары мен жаяу жүргіншілер өткелдері жасалып, тротуарлар жөнделіп, зақымдалған арық науалары ауыстырылып жатыр.

Айта кетейік, көлік қозғалысын шектеу туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карта" сервисінде көрсетілген.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда