Алматыда есірткі қылмысын ұйымдастырушы бас бостандығынан айырылды

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы полициясы бұл жағдайды осы жылдың сәуір айында анықтап, жойған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуезов ауданының тұрғындарының бірі өзінің пәтерінде есірткі заты – героинді қолдану үшін үй-жай беріп, есірткі үйін ұйымдастырған.

Пәтерді тінту кезінде электронды таразылар, пайдаланылмаған шприцтер, құрамында өсімдік тектес және ұнтақ түріндегі заттары бар байламдар табылып, тәркіленді.

"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-химиялық сараптама тағайындалды", – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасында.

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының үкімімен А.есімді азамат ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі және ҚР ҚК-нің 302-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды