Алматыда Абай күніне арналған концерт-спектакль өтті

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Алатау" дәстүрлі өнер театрында қазақ ойшылы және ақыны Абай Құнанбаевтың туған күніне арналған "Абай әлемі" концерт-спектаклі өтті.

Көрермендер әр нөмір сайын шабыттана қол соғып, әртістерге ризашылығын білдірді.

Абайдың жас, дана және күрескер кезеңдерін еліміздің танымал актерлері Ернат Күншібаев, Болат Әбділманов және Ерлан Біләл сомдады.

Спектакльде Темірбек Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының хоры мен SteppeSons аспаптық тобы Абайдың әндерін орындап, қойылым мазмұнын терең ашты.

Сонымен қатар, мектеп оқушылары ақынның төрт мезгіл туралы өлеңдерін оқып, халық ықыласына бөленді. Сахнаны кітап бетіне ұқсас экран толықтырды, онда көрермендерге Абайдың қара сөздері көрсетілді.

Бағдарламаның музыкалық бөлігінде "МузАРТ" тобы мен Ерден Жақсыбек әдемі әуенге толы әндер орындады. Спектакль-концерт "IL CANTO" вокалдық квартетінің орындауындағы Абай әндерінен құралған попурримен аяқталды.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі