Грекиядағы өрт Афины қаласына жетті

Сурет: pixabay
Грекияда қаулап жатқан орман өрті ел астанасы Афины сыртына жетті.

Мыңдаған адам үйлерін тастап кеткен. Лапылдаған жалынның биіктігі 25 метрге жетті.

Афинының солтүстік шығыс аудандары мен іргелес қалалаларында баспаналар өртке оранған.

Отты тоқтатуға күшті жел, құрғақ әрі күннің ыстығы кедергі келтіріп отыр.

Бұған қоса тұрғындардың айтуынша, өрт сөндірушілер мен арнайы техника жетіспейді, деп жазады qazaqstan.tv.

Грекия билігі халықаралық қауымдастықтың жәрдеміне жүгінді.

Афиныға Испания, Италия, Түркия мен Канада тәрізді тағы бірқатар елден көмек жетпек.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды