Дәулет Тұрлыхановтың сотталған ұлы неге түнде серуендеп жүрді - Әскери сот жауап берді

Сурет: Instagram/daulet_bolatuly_turlykhanov, pro.pravo.kz
Әскери сот Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыхановтың сотталған ұлы Нұрасыл Болаттың Алматыда қыдырып жүрген видеосына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бір күн бұрын, 2024 жылдың 14 тамызында алматылық заңгер Анна Чернова пробациялық бақылауда болуы тиіс Нұрасыл Болат түнде Алматы көшелерін аралап жүргенін мәлімдеді.

"Алматы гарнизонының Әскери соты Болат Н.-ға қатысты іс бойынша сот актісі оның тіркелген жері бойынша Астана қаласының Қылмыстық іздестіру департаментіне орындау үшін дереу жіберілгенін хабарлайды. Астана қаласы Байқоңыр ауданы бойынша Пробация қызметінің хатында үкiм бойынша мекенжайға сәйкес келмеуiне байланысты материал орындалмай қайтарылды". Алматы гарнизоны Әскери сотының баспасөз қызметі

Одан кейін, баспасөз қызметі түсіндіргендей, "сот сотталушының нақты тұрғылықты жерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізді, өйткені оның деректерін сұраған кезде екі қалада орналасқан екі мекенжай көрсетілген".


"ҚР Әскери соты жанындағы департамент аталған рәсімдердің ұзақтығының себептерін анықтау мақсатында тексеру жүргізуде. Қазіргі уақытта іс бойынша үкім Алматы мен Астанада тіркелген жері бойынша Пробация қызметіне жіберілді". Алматы гарнизоны Әскери сотының баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты