Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы: Қазақстанда кім және қанша алады

Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 19 тамызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕӘҚМ) көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға қандай азаматтар жүгіне алатынын жариялап, оның мөлшерін де жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 583,4 мың отбасы жалпы сомасы 274,8 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде шілде айында 577,1 мың отбасыға жалпы сомасы 38,6 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқанын атап өтеміз.

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін