Қызылордада "синтетика" таратқан ер адам 10 жылға сотталды

Сурет: ҚР ІІМ
Сот синтетикалық есірткі затын таратқан 24 жастағы қызылордалыққа үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда полицейлері осы жылдың ақпан айында жас жігітті мөлтек аудандардың бірінде ұстады.

Жүргізілген жедел шаралар басырында күдіктіден 13,53 грамм психотроптық заттар алынған, бұл үлкен мөлшердегі синтетикалық препараттарға жатады.

Ұсталған жас жігіттің айтуынша, ол мобильді қосымша арқылы тапсырыс қабылдап, синтетиканы қала ішіндегі белгілі бір жасырын жерлерге салып отырған.

Сотта айыпталушы өзінің кінәсін мойындады. Ұсталған азамат кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек