СҚО-да заңсыз ауланған 24 тонна шаян тәркіленді

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен 6637 әскери бөлімінің "Б" тобының әскери қызметшілерімен бірге artemia salina шаянын рекордтық мөлшерде заңсыз алудың жолын кесті.

Жедел уәкілдермен жүргізілген ауқымды жұмыстың нәтижесінде 13 тамызда Қызылжар ауданының аумағында КамАЗ жүк көлігінен 260 қап шаян жұмыртқалары тәркіленді.

Тағы 242 қап Бескөл ауданы орталығындағы қоймадан алынды. Тайынша ауданының 35 жастағы және 29 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны бағалы табиғи ресурстарды заңсыз алды деген күдікпен ұсталды. Екеуі де бұрын бұзақылық пен ұрлық жасағандығы үшін сотталған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері анықтағандай, рұқсат құжаттарынсыз өндіру Тайынша ауданындағы Қалыбек тұзды көлінде жүргізілген.

"Алынған artemia salina шаяндарының жалпы салмағы 24 тоннаны құрады – бұл облыс аумағында алынған ең ірі көлем. Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес күдіктілер 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: