"Өңірлік кадрлық резервке" іріктеудің құрылымдық сұхбат кезеңі аяқталды

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ұйымдастырылған Өңірлік кадр резервінің "Құрылымдық сұхбат" кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған резервтің мақсаты – өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарта отырып, өңірде жаңашыл ойлайтын көшбасшылар мен жас басқарушылардың тобын қалыптастыру болып табылады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті және Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп өткізілген іс-шараға облыс әкімі, комиссия төрағасы Серік Шәпкенов қатысып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сұхбатқа қатысқан үміткерлер өздері таңдаған салалық бағыттары бойынша, атап айтқанда экономика және қаржы, индустрия және өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, әлеуметтік салалар бағытында жоба қорғап, комиссия мүшелері тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.


Айта кету қажет, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастау алған іріктеуге Атырау облысынан 497 адам өтініш білдіріп, бұдан әрі іріктеу кезеңдеріне жіберілген болатын.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өз кезегінде, Ассессорлармен "Құзыреттерді бағалау" кезеңінен 38 үміткер оң нәтиже көрсетіп, сұхбат кезеңіне жіберілген.


Аталған іріктеу сатысы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында өткізілді.


Сондай-ақ, іріктеудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында кандидаттармен сұхбаттасу кезеңінде қоғамдық ұйымдардың өкілдері, әр түрлі салалар бойынша сарапшылар қатысты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты