Құны 370 млн теңгеден асатын ферроқорытпаны ұрлаған қылмыстық топ әшкере болды

Сурет: Zakon.kz
Көлік полицейлері құны 370 млн теңгеден асатын ферроқорытпаны ұрлаған қылмыстық топтың жолын кесті.

Көліктегі полиция департаментінің жан-жақты тергеуінің арқасында Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Семей және Аягөз станциялары арасындағы учаскеде жүк пойыздарынан бірнеше рет ферроқорытпа ұрлығын жасаған топтың қылмыстық әрекеті әшкереленді.

Бұл туралы көліктегі ПД бастығы Бақытжан Малыбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл жүк "Қазхром" ТҰК" АҚ құрамына кіретін Ақсу ферроқорытпа зауытына тиесілі болған. Жүк Қытай арқылы Жапония мен Үндістанға жіберілген болатын.

"Компанияға келтірілген залал сомасы 370 млн теңгеден асты. Абай облысы Жарма аудандық сотының шешімімен күдіктілер кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды", – деді Малыбаев.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды