Елорда тұрғыны ұрланған бұйымды сүйіктісіне сыйлаған

Сурет: Zakon.kz
Елорда тұрғыны бұрынғы қызынан ұрлап алған бағалы білезікті жаңа сүйіктісіне сыйға тартқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданы ПБ қызметкерлері 23 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Ол бұрынғы қызының сенімін пайдаланып, үйіне қонған кезде бағасы 200 мың теңге тұратын Pandora білезігін ұрлаған.

Оқиға былай болған. Жәбірленуші тұрғын жігітінің қазіргі қызының әлеуметтік желіге жариялаған фотосынан таныс бұйымды көрген. Яғни арызданушы қымбат білезігінің жоғалғанын бір аптадан кейін ғана байқаған.

Ол өзінің білезігі ұрланғанын нақты білген соң, дереу полицияға арызданды. Қазкүнем жасаған қылмысын мойындады. Полицейлер білезікті тәркілеп, иесіне қайтарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

Қазақстанда Құрылтай сайлауында дауыс беру аяқталды

Тоқаев Үкіметке жаңа міндет жүктеді