Алматы полициясы 9 азаматты сан соқтырған күдіктіні қолға түсірді

Сурет: Zakon.kz
Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, тергеудің қазіргі кезеңінде 31 жастағы Алматы тұрғыны 9 азаматты алдап кеткен.

Олардың саны көп болуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз.

"Жәбірленушілердің сөзінен белгілі болғандай, ер адам Қытайдан автокөліктер мен мопедтер әкелемін деп уәде беріп, тапсырыстың ақысын алып, өз міндеттемелерін орындамаған. Қазіргі уақытта объективті жағдайлар анықталуда. Сонымен қатар күдіктінің қылмыстық әрекетінен зардап шегуі мүмкін басқа да азаматтарды анықтау жұмыстары жүргізілуде", – дейді, Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін