Алматыда ағаштарды қатігездікпен сындырған ер адам қолға түсті

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл дерек үлкен Алматы өзенінің бойында, Төле би мен Райымбек даңғылдарының арасында болды.

Орман қорына кіретін және кесуге тыйым салынған көшеттердің зақымдалуына қатысты қызмет көрсетуші компанияның өкілі арыз берді.

Қатігездік әрекетке наразы болған жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде дабыл қаққан.

Қазіргі таңда ағаштардың зақымдалуына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Арызданушының айтуынша, тексеру кезінде 36 дана көшеттердің зақымдануы және өлуі анықталды, атап айтқанда: каталпа – 15 дана, акация – 7 дана, қарағаш – 14 дана.

"Осы қылмысты жасады деген күдікпен 27 жастағы жігіт ұсталды, ол бұзақылық мақсатында ағаштарды сындырғанын айтты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Іс сотқа жіберілетін болады", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме