Ақмола облысында алаяқтар тұрғынның атына заңсыз 13 млн теңгеден астам несие рәсімдеген

Сурет: ҚР ІІМ
Шортанды ауданының полиция бөліміне 53 жастағы жергілікті тұрғынның алаяқтық фактісі туралы өтініші келіп түсті.

Ер адам полицейлерге осы жылдың 30 шілдеде белгісіз адамдар телефонға кезек-кезек қоңырау шалғанын айтты, олардың бірі өзін ұялы байланыс операторы, екіншісі құқық қорғау органдарының қызметкері, үшіншісі банк қызметкері деп таныстырды.

Қоңырау шалған бейтаныс адамдар оның шотынан рұқсат етілмеген ақша ұрлығын алдын алу сылтауымен жәбірленушіні әртүрлі банктерде 13 млн 796 мың теңге сомасында несиелер ресімдеуге және осы ақшалай қаражатты олар берген шоттарға аударуға мәжбүр етті.

Ауыл тұрғыны ақшаны аударғаннан кейін ғана, алаяқтарға тап болғанын түсінді. Осы факті бойынша полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Естеріңізге сала кетейік, баптың санкциясы 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны қарастырады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қылмыскерлердің жеке басын анықтауға және оларды одан әрі ұстауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізуде.

Полиция департаменті ақмолалықтарға ешқашан, қандай да бір сылтаумен үшінші тұлғаларға-банктердің, қауіпсіздік қызметтерінің, құқық қорғау органдарының, ұялы байланыс операторларының қызметкерлеріне және т.б. өздерінің дербес деректерін, карточкалық шоттардың деректемелерін, жеке абоненттік нөмірге түскен sms-кодтарды және т. б бермеуге кеңес береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты