Қарағандыда арзан бағаға пәтер алмақ болған тұрғын ақшасынан айырылды

Сурет: Zakon.kz
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген іс-шаралар барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 45 жастағы азаматты ұстады.

Күдікті қаладан пәтер алмақ болған 55 жастағы ауыл тұрғынын алдап кеткен.

Белгілі болғандай, жәбірленушімен танысқан күдікті өзін мемлекеттік органдардың бірінде жұмыс істеймін деп сендіріп, қаладан мемлекеттік бағдарламамен үй алуға көмектесетінін айтқан.

Алайда күдікті жасап бермек болған жұмысына ауыл тұрғынынан 370 мың теңге ақша алып, кейін онымен байланысын үзіп, із-түссіз кеткен.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты