Елордада мемлекетаралық іздеуде болған шетел азаматтары ұсталды

Сурет: Zakon.kz
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында елордалық полиция қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде болған шетел азаматтарын ұстады.

Алматы аудандық ПБ қызметкерлері автокөлік ұрлағандары үшін іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын қолға түсірді.

Ол 2023 жылы Турсунзаде қаласының Дахбед ауылында масаң күйде есігі жабылмаған Daewoo Tico отырып, ізін суытпақшы болған.

Алайда, тізгін ие бола алмай жол жиегіне соғылып, көлікке 6163 сомони мөлшерінде залал келтірген.

Сонымен қатар Есіл аудандық ПБ қызметкерлерімен, өз елінің аумағында алаяқтық жасағаны үшін 2017 жылдан бастап іздеуде болған Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды.

Ол жерлесіне пәтерін 7000 АҚШ долларына сатуға көмектесуге уәде берген. 5000 доллар алдын ала төлем алғаннан кейін ол ақшаны иемденіп, жоғалып кеткен.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік