Салық және жалпыға ортақ декларациялау: Қазақстанда Kaspi.kz-тің қолдауымен ШОБ-ке білім беру жалғасуда

Қазақстанның ең инновациялық Kaspi.kz компаниясының қолдауымен салық жөніндегі сарапшы Екатерина Ким ШОБ үшін тренинг өткізді. Қатысушылар жалпыға бірдей декларациялау, салық салу және камералдық бақылау мәселелерін талқылады.
Арзигүл Ниязованың аутсорсинг компаниясы бар. 10 жылдық тәжірибесі бар бухгалтер қолма-қол ақшаны декларациялауға алаңдатқан. Кәсіпкер тренингте ол күткеннен де көп пайдалы ақпарат алғанын атап өтті.
"Мен мұнда 250 нысандағы декларация, және декларацияда қолма-қол ақшаны қалай көрсету керек, сомалардың лимиттері және басқа да мүлік туралы қосымша ақпаратты білу үшін келдім. Негізгі дереккөзден барлық сұрақтарға толық жауап алдым. Және өмірді сақтандыру полисін қалай және қай жерде көрсету керек деген сұраққа да қызықты әрі маңызды жауап болды", – дейді Арзигүл Ниязова.

Сурет: Николай Судаков

Шеберлік дәрісінде қойылған сұрақтар негізінен жалпыға бірдей декларациялау және камералдық бақылауға қатысты болды. МКД мамандарының айтуынша, Алматыда 342 мың азамат салық декларациясын тапсыруы тиіс. 22 тамызға дейін декларацияны 57 пайызы толтырған.
"15 қыркүйек — декларация тапсырудың соңғы күні. 3-кезеңге кіретін тұлғалар декларация тапсыруы керек. Осыған байланысты, біз барлық азаматтарды соңғы сәтті күтпей, декларацияларды алдын ала тапсыруға шақырамыз. Қалған азаматтардың да уақтылы тапсыратынына үміттенеміз", — дейді Алматы Мемлекеттік кірістер басқармасының өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы Дәурен Ерғалиев.
Instagram-да Nalogialmaty паблигінің авторы Екатерина Кимге 1,6 миллион адам жазылған. Сарапшы ШОБ үшін тренингтерді Қазақстанның түкпір-түкпірінде өткізуді жоспарлап отыр. Қай қалада өтетіні, күні мен уақыты туралы ақпаратты парақшасында жариялайды.

Сурет: Николай Судаков

"Kaspi.kz қолдауымен ШОБ үшін тренингтер өткіземіз. Бұл — Қазақстан бойынша ауқымды іс-шара. Салық төлеушілер Қазақстандағы салық бойынша ең үздік сарапшылардан тегін кеңес ала алады. Мұндай іс-шаралар адамдар үшін, халық үшін, бизнес үшін өте пайдалы, өйткені жалпыға бірдей декларациялау мен салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша сұрақтарға жауап алуға көмектеседі", — деп түсіндіреді Екатерина Ким.

Сурет: Николай Судаков

Бұған дейін Kaspi.kz қолдауымен ШОБ-ке арналған оқу, бизнес-кездесулері Алматы, Шымкент, Талдықорған, Қонаев және Қарағанды қалаларында өткізілді.
Ал Астанада ең ірі Салық Форумы өтті.
Оған оффлайн мың адам, онлайн 2,5 мың адам, сондай-ақ Қаржы министрлігінің, МКК және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Айта кетейік, Kaspi Pay бизнеске арналған суперқосымшасын 700 мың қазақстандық кәсіпкер пайдаланады.
Kaspi Pay қосымшасы арқылы отандық кәсіпкерлер бизнесін дамыту үшін қаржыландыру алады, төлем қабылдайды, жарнама науқандарын бастайды, салық төлейді, "Kaspi Магазин" және "Kaspi Жеткізу" қызметтеріне қосылып, тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: