Түркістан облысының полицейлері өртенген көлікті дер кезінде сөндіруге көмектесті

Фото: Zakon.kz
Түркістан облысы Қазығұрт ауданының полиция қызметкерлері Пернебек Салибеков, Ербол Қуаныш және Әріпхан Қамбаров Қонаев даңғылын патрульдеу кезінде жол жигінде тұрған Golf Volkswagen автокөлігінің түтіндеп жатқанын көрген.

Көлікке жақын келген тәртіп сақшылары көліктің алдыңғы оң жарық шамынан шыққан өртті байқап, жедел шаралар қабылдады.

Өрттің одан әрі өршуіне жол бермеуге тырысқан полицейлер өз көмек қолдарын созып маңайдағы пәтерлерден шелекпен су алдырып сөндіре бастады.

Полиция қызметкерлерінің білікті және үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт сөндірушілер келгенге дейін өрт тез сөндірілді.

Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын көлігін автотұраққа қойып, ауруханаға ем алуға келген. Кенеттен көліктен түтін шығып, оң жарық шамнан шыққан өртті байқаған тәртіп сақшылар дер кезінде көмек қолын созған. Осылайша қайғылы жағдай болуына жол берілмей, ешкім зардап шеккен жоқ.

Ал көлік иесі полицейлерге оның өртенген көлігін сөндіруге уақытылы көмектескені үшін алғыс айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі