Алматыда 4,5 мың тонна қант сатып алынды

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және бағаның өсуіне жол бермеу тетіктерін іске асыру аясында "Алматы "ӘКК" АҚ тауар биржасында сауда-саттық нәтижелері бойынша 4,5 мың тонна қант жеткізуге шарт жасасты.

Отандық өндірістегі қант қаланың сауда желілеріне белгіленген сату бағасы бойынша – келісіне 380 теңгеден аспайтын бағамен сатылады. Өз кезегінде қант сататын бөлшек саудагерлер сату бағасына 10%-дан аспайтын үстемеақыны сақтайды. Бұл шара Алматыдағы қант бағасын 2025 жылдың қыркүйегіне дейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Өнім сатылатын жерлерді almatyazyk.kz сайтынан көре аласыздар.

Анықтама: 2023 жылы қарашадан 2024 жылы тамызға дейін "Алматы "ӘКК" АҚ қаланың сауда желілері арқылы белгіленген сату бағасы бойынша 3 мың тонна көлемінде қант сатты, бұл осы кезде Алматыда бағаның өсуіне жол бермеуге мүмкіндік берді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы