Таразда "Күзгі тазалық" эко акциясы өтті

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы жылдың сәуір айынан "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акция басталған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл акция тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Әрбір адам өзінің ауласын, көшесін таза ұстап, тазалыққа өзінің үлесін қосу мақсатында ұйымдастырылуда.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін "Таза Қазақстан" акция аясында "Бәйтерек" ықшам ауданында орналасқан каналдың аумағы мен көпсалалы балалар ауруханасының маңында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тазалық жұмыстарына осы аумақтың тұрғындары, белсенді жастар, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, "Жасыл ел Тараз" мекемесі қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосып, канал айналасындағы қоқыстардан тазартып, шығарылды.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шара барысында "Жасыл ел Тараз" мекемесі арнайы техникалармен келіп, қаланың жастары әр саланың қызметкерлерімен жұдырықша жұмылып, тазалау жұмыстарын жүргізді.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Бүгін міне Елімізде табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған алғашқы күзгі тазалық акциясы өтуде. Бұл шараның бүгінгі ұрпаққа берері мол. Себебі өскелең жастардың бойында патриоттық рухты оятып, еліне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырады. Мұндай іс-шаралар барлық қазақстандықтардың тазалық пен тәртіпті сақтауды қалыптастыратыны сөзсіз", – деді мәдениет саласының қызметкері Б.Абеков.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін