Денсаулық сақтау министрі: Асханадағы тамақ нормативтерінің сақталуына мектеп басшылығы жауапты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2024 жылы 10 қыркүйекте Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мектеп мәзіріндегі ботқа мен шайға қанша мөлшерде қант қосуға рұқсат етілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Негізінен, бұл мәселені журналистер көтерді. Олар Денсаулық сақтау министрлігінің мынандай мәліметтерін алға тартты: Қазақстанда қант диабеті "жасарып" келеді, көптеген балаға "семіздік" диагнозы қоюылуда. Алайда, бұл жайт мектеп қабырғасында ескерілмеген, асхана балаларға қант қосылған ботқа, сондай-ақ тәтті шәй, компот және печенье сынды тағы басқалары да беріледі.

Ақмарал Әлназарова мұндай проблема барын мойындады.

"Шынында да, бізде қантқа ғана емес, тұзға да қатысты мәселе өте өзекті. ДДҰ-ның қантты тәулігіне 25 грамнан және тұзды тәулігіне 5 грамнан аспайтын көлемде тұтыну бойынша белгілі бір ұсыныстары бар. Өкінішке қарай, бүгіндері орташа қазақстандық 18 грамм тұз бен 40 грамнан астам қант тұтынады", - деді ол.

Министр нормативтер Үкіметтің тиісті қаулысымен реттелетінін айтты.

"Барлық медициналық ұйым мен білім беру ұйымдары соны сақтауы керек. Бірақ, өздеріңіз айтып отырған мәселені бақылау өте қиын, бұл ұсыныстар қаншалықты сапалы орындалып жатыр дегендей. Ұсыныстар жасына қарай: 2 жасқа дейін 15 граммнан және жоғары сыныптарда 40 граммнан аса тұтыну ұсынылмайды. Соңғы ережелер 2012 жылы бекітіліп, 2024 жылы қайта қаралды. Демек, бұл арадағы мәселе - бар нормативтерді жергілікті жерде жүзеге асыру жайы. Жергілікті жерлерде тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетушілермен шарт жасасатын мектептер. Міне, солар бұл мәселені бақылауы тиіс", - деп сөзін түйіндеді министр.

Бұған дейін Әлназарова Маңғыстау облысындағы оқушылардың жаппай астан улануына қатысты түсініктеме берген болатын.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: