Күзет дабылы құралдарын монтаждауды, баптауды және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын фирмалар пәтерлер мен кеңселерде заңсыз кіруге және өртке жауап беретін күзет мониторингі жүйелерін орнатады.
Бұл фирмалар үй-жайларды бейнебақылау, кіруді бақылау жүйелерімен, интеркомдармен және иесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған басқа жабдықтармен қосымша жабдықтай алады.
Осыған байланысты Ақмола облысы ПД күзет қызметін бақылау бөлімі облыс орталығының өнеркәсіптік аймақтарында орналасқан жеке кәсіпкерлік объектілерінің басшыларымен жұмыс жүргізуде.
Төтенше оқиғаларды болдырмау, ықтимал дағдарыстық жағдайлардың алдын алу, тонау, ұрлық және өзге де қылмыстық қол сұғушылық фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ алдын алу шараларын қолдану мақсатында объектілер мен оларға іргелес аумақтардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселелері шешіліп жатыр.
"Қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағында 26 орталықтандырылған бақылау пульті жұмыс істейді, 163 жеке күзет ұйымы тіркелген. Күзетілетін пәтерлердің жалпы саны шамамен 9 мыңды құрайды, оның ішінде орталықтандырылған бақылау пультіне 4 мыңнан астамын кіреді", – дейді күзет қызметін бақылау бөлімі.
Мәселен, 2024 жылдың басынан бастап Ақмола облысының аумағында жеке күзет ұйымдары 518 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, күзетілетін объектілерде 500 құқық бұзушылықтың алдын алды, күзет құрылымдарының қатысуымен 13 қылмыс ашылды.