Қазақстандықтарды солтүстік өңірлерге көшіруге миллиард теңгеден астам қаражат "жұмсалды"

Қазақстанның Бас прокуратурасында 2024 жылғы 12 қыркүйекте азаматтарды оңтүстіктен солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасын іске асыруға бөлінген мемлекеттік қаражаттың жымқыру фактілері туралы айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, прокуратура органдары бағдарламаға бөлінген қаражаттың жұмсалуына талдау жүргізді.

"Жалған құжаттарды пайдалана отырып азаматтарды жалған қоныс аудару жолымен 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқыру және оны теріс пайдалану фактілері анықталды. Қоныс аударушылар болып жалған адамдар есепке алынған, ал құжаттар төмен бағамен сатып алынған көрінеу тұруға жарамсыз немесе апатты ғимараттарға рәсімделген. Кейбір жағдайларда азаматтар өздерінің құжат бойынша қоныс аударылғанын білмеген де".ҚР Бас прокуратурасы

Мұндай фактілер ШҚО, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында анықталды.

"Жалпы прокурорлар 20 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін бастады.Тергеу барысында қатысы бар барлық адамдарды анықтау, оларды жауапкершілікке тарту, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу шаралары қабылдануда".ҚР Бас прокуратурасы

Нормативтік актілердегі олқылықтарды жоюжәне бағдарламаны іске асыруды бақылау жүйесін күшейту мақсатында Үкіметке қадағалау актісі енгізілді.

Бұған дейін жыл басынан бері адам саудасына байланысты 134 қылмыстық іс тіркелгені хабарланды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: