Маңғыстау прокурорлары спорт саласындағы жемқорлықты әшкереледі

Фото: Zakon.kz
Маңғыстау облысының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалуының заңдылығын тексеру барысында спорт мекемесінде жымқыру фактісін анықтады.

Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 2018-2023 жылдар аралығында 117 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталды.

"Аталған факт облыс прокуратурасымен тергеліп, нәтижесімен қылмыстық іс ҚК-тің 371-бабының 2-бөлігі (салғырттық) және 189-бабы 4-бөлігімен (жымқыру) сотқа жолданды." Маңғыстау облысының прокуратурасы

Сот үкімімен мекеме басшысы өз мiндеттерiн тиісінше орындамау фактісі бойынша кінәлі деп танылып "ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға сәйкес қылмыстық жазадан босатылған, бас есепші бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас ботандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Азық-түлік 18%-ға қымбаттауы мүмкін: Дүниежүзілік банк дабыл қақты

Түркі әлемінің әуені мен Димаштың өнері: Тоқаев Түркияда концерт тамашалады