"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Сурет: unsplash
2024 жылы 21 қыркүйекте Ақтөбе облысында түнде үсік жүруі ықтимал, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның ауа райы болжамына сілтеме жасай отырып.
"Еліміздің басым бөлігінде фронтальды бөліктердің жылжуы әсерінен жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста жел екпін алады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман болады деп күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстігінде сынап бағаны -1°С суықты көрсетіп, түнде үсік жүреді", делінген болжамда.

Гидрометорталық Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау өңірінің шығысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда өңірінің солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қостанай облысының орталығында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды өңірінің батысында, шығысында, Ұлытау өңірінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу өңірінің солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты