Терроризмге қарсы күрес штабы БҚО тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

Сурет: akorda.kz
Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарланған. Осыған байланысты тұрғындарға өңірде шектеу шаралары енгізілуі мүмкін екені ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндігі Батыс Қазақстан облыстық жедел штабы мәлімдеді.

"2024 жылдың 21 қыркүйегінде БҚО бойынша ҰҚК ТҚО бөлімі Бөкейорда аудандық терроризмге қарсы күрес жедел штабының дайындығын тексеру бойынша лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу жүргізіледі. Осыған байланысты автокөлік пен халықтың қозғалысына қысқа уақытқа шектеулер енгізілетінін хабарлаймыз. Азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, сабырлық сақтауды және құқық қорғау қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз", делінген ресми хабарламада.

Іс-шараның мақсаты террористік сипаттағы әртүрлі қауіптердің жолын кесуге құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының дайындық деңгейін тексеру болып табылады.

Айта кетсек, 18 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі еліміздің екі өңірінің тұрғындарына ескерту жасады.

 

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті