Табысы жоғары отбасыларға берілетін барлық әлеуметтік төлем тоқтатыла ма? Еңбек министрлігі жауап берді

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2026 15:11 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі табысы жоғары отбасыларға берілетін барлық әлеуметтік төлем тоқтатылады деген ақпараттың рас-өтірігін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

"Барлық төлемді автоматты түрде тоқтату көзделіп отырған жоқ. Атаулылық қағидатын әлеуметтік қолдаудың жекелеген түрлеріне қолдану қарастырылған. Әрбір қолдау шарасын ұсыну шарттары заңнамаға сәйкес жеке белгіленеді. Сондықтан нақты бір төлемді алуға құқық бар-жоғын анықтағанда, сол төлемнің мақсаты мен белгіленген талаптарды ескеру қажет", – деп түсіндірді Еңбек министрлігі.

Министрлік әлеуметтік қолдаудың жекелеген түрлеріне қатысты атаулылық қағидатын кезең-кезеңімен енгізу көзделгенін де еске салды.

Мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсетудің жаңа тәсілдері 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады. Негізгі өзгерістердің бірі – жекелеген мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау кезінде отбасының әлеуметтік әл-ауқат деңгейін бағалау.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: